Волонтерлік дегеніміз не және ол не үшін керек?
Біз волонтер деген сөзді жиі естіп жүрміз. Біз ол туралы жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден оқып, адамдар арасындағы әңгімелерден «мен волонтермын», «ертең волонтерлікпен барамын…», «2020 жыл – Волонтерлер жылы болып хабарланды», «пандемия жағдайында әлем бойынша волонтерлер бірігуде…» және т.б. естіп жүрміз. Дегенмен де, волонтерлік тақырыбын әлі күнге дейін түбегейлі түсінбей жүрген адамдар бар. Бұл — көмекші жаднама. Бұл құрал-жадынама, волонтерлік туралы барлық негізгі сұрақтарға жауап береді деп үміттенеміз!
Волонтерлік дегеніміз не және ол не үшін керек?
Біз «Волонтер» деп айтқан немесе естіген кезде, біз олардың осы қағидаларды қатаң ұстанатын адамдар екенін нақты түсінуіміз керек:
1. ЕРІКТІ ТҮРДЕ – ЯҒНИ, бұл менің не істейтінімді өзім таңдайтынымды білдіреді! Бұл менің тілегім, менің еркім! Сондықтан «біреу мәжбүрлеген», «біреу жұмсаған» немесе «біреу сеніп тапсырылған» адамдардың барлығын волонтерлер деп атауға болмайды. Мүмкін, бұл адамдар да жақсы және пайдалы іс жасап жүрген шығар – бірақ бұл
волонтерлік ЕМЕС.
2. АҚЫСЫЗ – бұл менің жұмысым үшін ақы, сыйақы күтпейтінімді білдіреді.
Бұл ақы үшін жұмыс емес. Бұл — менің риясыз үлесім! Өз қызметі үшін кез-келген үлгіде және мөлшерде ақы алатындардың бәрі волонтер ЕМЕС – бұл жалдамалы немесе штаттық қызметкерлер. Қызметті жүзеге асыру үшін волонтерлерге берілетін ресурстар немесе керек-жарақтар (күректер, тырмалар, майкалар, қалпақтар, байланыс үшін
берілетін бірліктер және т. б.) төлем болып табылмайды
3. ҚОҒАМНЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН – яғни, бұлменің әлеуметтік жағдайды өз ісіммен жақсартып жатқанымды білдіреді. Менің ісім басқа адамдарға пайдалы!
Менің туыстарым, достарым немесе менің бағынатын адамдарым үшін тегін жұмыс жасау, әлеуметтік мазмұны жоқ ойын-сауық, саяси, спорттық іс-шараларға қатысу арқылы мен жақсы және қызықты шаралар өткіземін, бірақ бұл волонтерлік ЕМЕС.
4. ҚЫЗМЕТ – ЯҒНИ, тек нақты амалдар мен іс-әрекеттер волонтерлік болып табылады.
Егер адам немесе адамдар тобы қоғам үшін пайда туралы өз еркімен және ақысыз талқылайтын болса – бұл волонтерлік ЕМЕС. Нақты істер маңызды!
Сонымен, ВОЛОНТЕР – бұл, қоршаған өмірді жақсартудаақысыз, саналы
түрде және жауапкершілікпен өз уақытын қиып, бар күш-жігерін саламын деген таңдау жасаған тәуелсіз, психологиялық тұрғыдан жетілген адам!
Волонтерліктің пайдасы неде?
ҚОҒАМ ҮШІН ПАЙДАЛЫ:
• Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек
• Экологиялық жағдайдың жақсаруы
• Қиын жағдайларда халықты қолдау
• Жануарларға көмек
• Әлеуметтік қиын мәселелерде
ВОЛОНТЕРДІҢ ӨЗІНЕ ПАЙДАСЫ:
• Өзінің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін жүзеге асыру мүмкіндігі
• Қызметтің әртүрлі салаларында даму және өзін сынау
• Жан-жақты тәжірибе алу және қолдану
• Жаңа қызықты және пайдалы адамдармен танысу
• Оқуға түсу немесе жұмысқа орналасу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік •
• Саяхаттау мүмкіндігі
• Кез-келген жаста сұранысқа ие болу және ұнамды іспен айналысу
• Өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту, қабілетін іске асыру және т. б. мүмкіндіктері
Волонтерлер немен айналысады?
Еріктілердің қызмет шегі өте кең . Әр адам қызығушылығы мен қабілеттері бойынша өзінің шұғылданатын ісін табатыны сөзсіз. Еріктілер өздерін келесі 15 бағыттың кез-келгенінде жүзеге асыра алады:
1. МЕДИЦИНАДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛІК / ДОНОРЛЫҚ
Медициналық волонтерлік — өте тар және ерекше бағыт. Дәл осы бағыт бойынша ересек жастағы еріктілерді жиі кездестіруге болады, өйткені бұл сала ерекше және қауіпті. Бұл жерде адамдар бастарын неге тігетінін түсініп, оқытылған, дайын болғаны маңызды. Әрине, егер кез-келген стихиялық жағдайда біреу көмектесетін болса, оған ешкім «кет, сен дұрыс білмейсің!» деп айтпайды, дегенмен де мамандарға осы функционалда қандай да бір білімі мен тәжірибесі бар еріктілердің көмектескені жақсырақ. Өйткені волонтерлік қызмет қағидаттарының бірі — «Зиян келтірмеу».
Донорлық — волонтерліктің тағы бір маңызды бағыты. Мұнда еріктілер қан тапсыратын донор ретінде де, ақпараттық еріктілер ретінде де, яғни, бұқараны осы бағыттың маңыздылығы туралы хабардар ететін, қорқыныш пен үрейді сейілтетін, халық арасында насихат жасайтын адамдар ретінде де қажет.
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК
Экологиялық еріктілік қазір халық арасында кең жайылуда. Волонтерлік қызметтің бұл бағытының көптеген түрлері бар — флора мен фаунаны сақтауға, қалалық тазалық пен экологиялық жағдайды сақтауға немесе саяхаттауға, ұлттық саябақтарға баруға және туристер үшін экологиялық соқпақтар салуға болады және т.б.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ВОЛОНТЕРЛІК
Әлеуметтік волонтерлік — бұл әлеуметтік көмек көрсетуге, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге қатысу, қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектер үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және халықтың басқа да санаттарын әлеуметтік бейімдеу, ықпалдастыру және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу. Бұл ерікті көмектің ең танымал бағыттарының бірі.
4. МЕДИА-ВОЛОНТЕРЛІК
Медиа-волонтерлік. Ол әлі де қарқын алып, сөздің жақсы мағынасында «топ жаруға» дайын тұрған волонтерліктің өте жас түрі. Медиаволонтерлар тек жәрдем алушыларға ғана көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар волонтерлік қызметті ұйымдастырушыларға – еріктілік орталықтарға, қайырымдылық қорларына, КЕҰға да көмектеседі. Көбінесе бұл журналистер, фотографтар және видеографтар, олардың міндеті белгілі бір жобалардың қызметі
туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар еріктілер қозғалысын насихаттау болып табылады.
5. ОҚИҒАЛЫҚ (ЖАҒДАЙЛЫҚ) ВОЛОНТЕРЛІК
Оқиғалық еріктілік — оны еvent-волонтерлік деп жиі атайды. Оқиғалық волонтерлік ең ауқымды бағыттардың бірі болып табылады, өйткені ол еріктілік қызметтің бірнеше бағыттарын қамтиды. Волонтерлік лагерьлердің қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, археологиялық қазба жұмыстарына, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, кемтар балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе конгресстік-көрмелік қызметіне қатысу бағыттары бойынша жүзеге
асады.
6. ЖАНУАРЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ВОЛОНТЕРЛІК
(Зооволонтерлер)
Зооволонтерлер. Кейбіреулер үшін жануарларға көмектесу-жалғыздық пен жаман көңіл-күйден арылудың тәсілі, ал біреудің қаңғыбас жануарларға жаны ашиды және ол оған бей-жай қарай алмайды. Кейбір адамдар хайуанаттар бағындағы жануарларға көмек көрсетуді таңдайды, олардың денсаулығы мен өсіп келе жатқан санын бақылайды. Жануарларға волонтерлік көмек көрсету — бұл өзімізді де, жануарларды да бақытты етудің тамаша тәсілі.
Жануарларды қорғау ұйымдары еріктілердің көмегін өте белсенді пайдаланады. Жануарларға қатысты адамгершілікке баулуды насихаттайтын, Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасындағы «асырап отқандарыңа жауаптылық танытыңдар» деген әйгілі цитатасын ұстануға шақыратындарды да зооволонтер
деп атауға болады. Сондай-ақ, мұндай еріктілер көбінесе табиғи мекендейтін жерлерде зерттеу үшін қорықтар мен табиғаттағы әртүрлі түрлерді өз еркімен бақылайды және жойылу қаупіндегі жануарлардың популяциясын қалпына келтіреді. Көңілің қалаған іспен шұғылдану – волонтерлік қызмет сонысымен тамаша.
7. ТЖ ВОЛОНТЕРЛІК
Дүлей зілзалалардың, экологиялық, техногендік және басқа да апаттардың, әлеуметтік жанжалдардың, жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтың құрбандарына, босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға, сондай-ақ бөгде адамның көмегіне және қолдауына мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге
қатысу; орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға жәрдемдесу; хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу.
Сондай-ақ, медициналық еріктілер сияқты өте тар және ерекше бағыт. Дәл осы бағытта ересек жастағы еріктілерді жиі кездестіруге болады, өйткені бұл сала ерекше және қауіпті. Әрине, егер кез-келген стихиялық жағдайда біреу көмектесетін болса, оған ешкім «кет, сен дұрыс білмейсің!» деп айтпайды, дегенмен де мамандарға осы
функционалда қандай да бір білімі мен тәжірибесі бар еріктілердің көмектескені жақсырақ. Өйткені волонтерлік қызмет қағидаттарының бірі — «Зиян келтірмеу».
8. МӘДЕНИ ВОЛОНТЕРЛІК
(өнер саласындағы волонтерлік)
Мәдени еріктілік (кейде оны арт-волонтерлік деп те атайды) танымал бола бастады, дегенмен ол жақында тәуелсіз бағыт ретінде пайда болды. Мұның жағымды себебі бізде өнермен, мәдениетпен және кинематографпен байланысты көптеген мәдени іс-шаралар өткізіле бастады. Бүгінде мұражайлар, кітапханалар, саябақтар сияқты алаңдар өз есігін айқара ашып, еріктілерді қуана-қуана шақырады. Олар сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге қатыса алады, экскурсиялар ұйымдастырып, өткізеді, ірі мәдени шаралар мен фестивальдерді өткізуге көмектеседі, Мәдениет үйлерінің жұмысын көмектеседі, актерлер, аниматорлар ретінде қатысады және тағы басқалар. Тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру және сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу; білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді
насихаттауға, инновацияларды дамытуға қатысу.
9. СПОРТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК
Дене шынықтыруды, спортты және белсенді бос уақытты дамытуға және насихаттауға, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, аурулардың таралуына қарсы әлеуметтік мәні бар іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
10. PRO BONO ВОЛОНТЕРЛІК
Pro bono немесе зияткерлік еріктілік — қайырымдылық, қоғамдық және басқа да коммерциялық емес ұйымдарға ақысыз негізде кәсіби көмек көрсету.
11. КОРПОРАТИВТІ ВОЛОНТЕРЛІК
Бұл ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті түрде қатысуы. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) және кәсіпорынның тұрақты даму стратегиясының элементі болып табылады.
12. ОНЛАЙН ВОЛОНТЕРЛІК
Виртуалды волонтерлік (онлайн-волонтерлік, кибер еріктілік, цифрлық волонтерлік, e-волонтерлік) — интернет арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын волонтерлік қызмет түрі.
13. ЭТНО – ВОЛОНТЕРЛІК
Халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни
жанжалдардың алдын алуға қатысу.
14. IT ВОЛОНТЕРЛІК
Сізде коммерциялық емес жоба бар ма және сізге бағдарламашы, дизайнер, журналист, копирайтер немесе фото редактордың көмегі қажет пе? Тіркеліңіз және жаңа мақсаттар қойыңыз.
Біздің модераторлар сіздің мәселеңізді шешу үшін маман табуға көмектеседі. Көрсетілген көмек үшін алғыс нысанын тағайындауды ұмытпаңыз; немесе кішігірім қоғамдық бастамаларға көмектесуді ұнатасыз ба? Сіз жауапкершілігі мол бағдарламашысыз ба? Сізде портфолио үшін бірегей жобаларды іздейтін жаңадан ашылған
студияңыз бар ба? Сіз әдеттегі коммерциялық жобалармен жұмыс істеуден шаршадыңыз ба? Біздің платформа сіз үшін. Профильді мұқият толтырыңыз, жүйенің жаңартуларын қадағалаңыз немесе модераторлардың сұрауларына жауап беріңіз. Қызықты тапсырма пайда болғаннан кейін сіз бұл туралы бірден білетін боласыз.
15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК
Халықаралық еріктілік жеке бағыт ретінде қарастырылады, дегенмен, бұл жоғарыда аталған бағыттардың кез-келгенінде жүзеге асырылуы мүмкін еріктіліктің жеке түрі.
Халықаралық волонтерлік еріктінің халықаралық бағдарламаларға немесе жобаларға қатысуын немесе басқа елдердің бағдарламалары мен жобаларына қатысуын білдіреді. Халықаралық еріктілік жасына, әлеуметтік жағдайына, біліміне, байлығына және т.б. жағынан барлығына бірдей қол жетімді. Бұл елді іштей зерттеудің, тәжірибені басқа елдердің тәжірибелерімен толықтырудың, шет тілін жетілдірудің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен жақсы уақыт өткізудің таптырма мүмкіндігі.
Халықаралық волонтерліктен не ала аласыз?
• БЮДЖЕТТІК САЯХАТТАУ
• ТУРИЗМНІҢ БАЛАМА НҰСҚАСЫ
• МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
• ТІЛДІК ПРАКТИКА
• КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
Халықаралық волонтерліктің негізгі идеясы — интернационалдық алмасу арқылы бейбітшілік пен ұлттық төзімділік идеяларын тарату үшін ортақ мүдделері бар әртүрлі елдердің адамдарын біріктіру.