КЕНТАУДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚАЛАЛЫҚ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық ведомствоаралық штабтың төрайымы А.Байболованың төрағалығымен штаб отырысы өтті. Өткен отырысқа штаб мүшелері, салалық бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, қалалық емханада нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралы жайында Кентау қалалық емхананың басшысы Ғ.Мырзабеков баяндады. Сонымен қатар, Қарнақ ауылында нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайлы Қарнақ ауылының әкімі М.Диметов толық айтып өтті.
Кентау қаласындағы орта арнаулы оқу орындарында студент жастарды нашақорлықтан аулақ ұстау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Кентау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Туйланбаева, Кентау гумаритарлық техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Досанов, Арнаулы кәсіптік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Амирханова, Қазақ-Неміс политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы М.Зұлыпхаровалар мәлімдеме жасап, іс-шаралар жөнінде слайдтар көрсетті. Жиын соңында штаб мүшелері ұсыныстар білдіріп, штаб төрайымы бірнеше тапсырмалар жүктеді.