«Еңбек адамы» Кәсіп көзін балық шаруашылығынан тапқан
Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев қаласында Жайық – Жем балық аулау және аңшылық басқармасы қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды. Балық шаруашылығы бір қарағанда қызықты болғанымен өзіне тін қиындықтары өте көп. Сауран ауданы Ибат ауылында 2020 – жылдың 20-шы қыркүйегінен бері Усар Арапханұлының балық шаруашылығы жұмыс жасап келе жатыр. Отбасылық кәсіп ретінде басталған жұмыстың негізін қалаушы әкесі Арапхан мырза екен. Жалпы аумағы 9 гектар жерді алып жатқан шаруашылықта қазіргі таңда төрт түрлі балық өсіріледі.
Кейіпкеріміз Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан елді мекенінің тұрғыны. 2020- жылы кәсіпті кейіпкеріміздің әкесі бастаған. Ең алғаш 2020 – жылы 20 қыркүйек күні қазба жұмыстары басталған, 2021 жылы наурыз айында қазба жұмыстарын аяқтап, сол уақытта балықтың төрт түрінен шабақ тастаған. Ол кездегі балықтардың салмағы орташа 100-150 грам болса, қазір жоқ дегенде 3 килограмм шығады екен. Балықтарға жылына 80-85 тонна шамасында жем беріледі және жылына 4 рет су ауыстырылып отырады.
Мамандықпен айналысатын адамнан айырмашылығы, маман жоғары білім алуға мәжбүр. Мамандықтың автономды болғаны байқалады. Жауапкершілікті қарастыру кезінде мамандық адамның өмірге бейімділігін талап етеді. Оның үстіне, тек кәсіпқой ғана әріптестерін бағалай алады. Мамандыққа қатысты ешкімнің дербес билігі болмайды; оны басқа адам басқарады. Сонымен қатар, кез-келген адам бағалауды жасай алады, өйткені бұл жұмыс жоғары білім мен шеберлікті қажет етпейді.
Мамандар кәсіппен айналысқан адамға қарағанда жоғары әлеуметтік мәртебеге ие. Мамандық пен кәсібінің арасындағы тағы бір айырмашылық, біріншісі белгілі бір этикалық кодекстерді басшылыққа алады және белгілі бір ережелермен реттеледі.
Балық шаруашылығының басқа шаруашылықтардан ерекшелігі балыққа аса жауапкершілікпен қаралмаса, өліп қалу мүмкіндігі жоғары екен. Тіпті тез ауруға шалдығу қаупі де жоғары.
«Қазіргі таңда балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен келісім шартқа отырып, тәжірбие алмасып тұрамыз» — дейді кейіпкеріміз.
Бір күндік жұмыс жоспарында таң ауру балықтарды емдеуден бастау алады екен. Қызықты дерек, ауру балықтар судың бетіне қалқып шығып тұрады екен.
Жалпы көлдің аумағы 5 гектарды құрайды. Әр тоғанда әртүрлі балықтар өсіріледі.Мысалы біреуінде аралас балықтар болса, екіншісінде тек үлкен уылдырық алатын балықтарды топтастырған. Балыққа берілетін жем, шөптің де өзінше әдісі мен қиындықтары бар дейді кәсіпкер. Бұл шаруашылықта балықты бір мезетте 300 келі жеммен тамақтандырады.
Усар Арапханұлы шаруашылықта қалай кәсібінің көзін тапқанын да жасырмай айтып берді.