«Еңбек адамы» Саусағынан бал тамған аспаз

Аспаз — қоғамдық тамақтандыру орындарында тамақ дайындаумен айналысатын адам. Бірақ бұл әсерсіз әрі қызықсыз сөздер аспаз мамандығын толыққанды сипаттай алмайды. Өйткені, кейде аспазды ең қарапайым азық-түліктен дәм үлгісі деп аталатын тағам дайындай алатын сиқыршы деп атайды. Әрине, кез-келген адам қуырылған жұмыртқа тәрізді жеуге болатын нәрсені дайындай алады. Ал аспаз болса сол азық-түліктерден нәзік жұмыртқа суфлесін дайындайды. Өйткені, аспазшы –бұл тағамды технологиялық тұрғыдан дұрыс және рецепт бойынша қатаң түрде дайындайтын адам ғана емес, сонымен қатар өз жұмысын жақсы көретін, өз жұмысының нәтижелері клиенттерді қуантқан кезде одан шынайы рахат пен қуаныш алатын адам.

Бүгінгі кейіпкеріміз аспазшы Гозаль Айметова. Ескі Иқан ауылының тумасы

Тұрмыс құрып, Кентау қаласына көшеді. Тұрмысқа шыққан соң, медицина саласына қайта оралады. Анасынан дарыған талант пен аспаздыққа бет бұрады. Қазіргі таңда Иқан ауылындағы асханаға иелік етеді. Анасы дәл осы ауылда 30 жыл аспаз болып жұмыс істеген екен. Анасының жасаған тамақтарынан, тапсырыспен жасалған тәттілерін көріп, кішкентай кезінен аспаздыққа деген қызығушылық оянған.

Қазіргі таңда кейіпкердің қол астында 10 шақты адам жұмыс істейді. Олардың 2 адам бас аспазшы, 2 адам кәуәп дайындайтын аспаздар және админстратор мен  бірнеше даяшылар қызмет көрсетеді. Гозаль ханымның асханасына біліктілігін арттыруға келген студенттердің қатары көп. Өз тәжірибесінен түйген дүниелерін уйретуден жалыққан емес. Алғырлағы мен ұжымға келген жас мамандарға ұстаздық етіп, жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Кейіпкердің шәкірті әрі бас аспазшы Диляфруз Исрайлованың айтуынша 2 курста оқып жүрген студент аспаз Гозаль ханымға практикаға келген. Білмегенін үйреткен ортаға сіңісіп, тіпті жұмысқа орналасып алған екен.   Бұл мамандықтың артықшылықтары – аспаз-кондитердің жұмысы сұранысқа өте ие және әрқашан тұрақты кіріс табуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, ол беделді мекемеде аспаз көмекшісінен аға аспазшыға дейін мансаптық өсу мүмкіндігі бар. Әртүрлі елдерде тағам дайындау мәдениеті әртүрлі тәсілдермен құрметтелді. Бір жерде әркім өзі үшін ең қарапайым тағамды дайындай алуы керек деп есептелді және бір уақытта бір жерде ең көп таралған өнімдерден алғашқы өнер туындылары жасалды және әртүрлі тағам дайындау әдістері үйренді.

Аспаздық мамандық өте құрметті болды, ал ауқатты үйлер өздерінің жеке аспаздарының шеберлігімен мақтана алатын. Август және Тиберий императорларының тұсында ұлы аспазшы Аписиус басқарған алғашқы аспаздық мектептер ұйымдастырылды.

Гозаль ханымның айтуынша « мәзірдегі барлық рецепт өзімнің идеямнан туындаған. Көршілес тұратын әр ұлттың ерекше тағамдарының ерекше рецептін қолданып, тағам әзірлеп шығамын. Кейбір жаңа аспаздардың әкелген идеяларын құптай бермеймін» деп өз ойын ашық айтты. Кейіпкеріміз орыс, өзбек, ұйғыр, грек тағамдарында ерекше рецептер арқылы істейді. Басшылық етіп отырған асхана ұжымы  тату тәтті жұмыс атқарады. Асхана қызметкерлері Гозаль ханымның өз анасындай болып кеткенін жасырмайды. Айтуларынша қандай да бір ағаттық жасаған кездерінде сынға алса да, қайта түсіндіруден еш жалыққан емес.

Кәсіпкердің жоспары бойынша кентау қаласына да асхана ашуды ойластырып отыр, алайда ұжымдық орта мен әрдайым келетін клиенттеріне деген қимастық ажыратпай отыр.