ОТБАСЫ – бірлік пен еңбекке баулудың мектебі.

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылдық клубында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Республика күні аясында “Отбасы- ұлт тірегі” тақырыбында отбасылық сайыс болып өтті.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген  қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермек те емес.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз — бір-бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе жатқан ұстанымдар.

Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу. Отбасы — жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы — адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.

Отбасы құндылықтары 3 топқа бөлінеді.

  1. Дәстүрлі отбасы құндылықтары — дәстүрлі ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де осындай отбасы. Ата-әжелерінің немересіне берген ақыл-кеңестері. Отбасы тіршілігінде осы құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана- сезімі ерте оянады. Осы жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
  2. Қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар. Қазіргі таңдағы көп отбасылар заманауи салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әр түрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі, әр замандағы адам әр түрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
  3. Тәрбиелі отбасы құндылықтары. Отбасын құрғандардың басты мақсаты — бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытпай, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін тәрбиелі отбасылық құндылықтар.

Егер бала отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе, оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болады. Отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда. Сол мәселердің бірі ретінде ұлттық тіл тағдыры, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымызды дұрыс сақталмауы алаңдатады. Өз тілін құрметтемеген жастардың өзге тілге бейімділігі артуда.

Отбасы — қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім қазына, тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру ата-ана міндеті. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт- дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады, өмір бойы жалғасады. Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде қоғам ата-аналар мен ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері — ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор, өз ойын толық жеткізіп, алған білімін өмірде тиімді пайдалана алатын, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Отбасындағы кез келген жағдаятта ата-ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс-әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мысал  ретінде алатын болсақ, ата-ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Осы орайда шетелдермен салыстыра отырып қазіргі отбасылық жағдай жастардың ата-әже тәрбиесіне балаларын берілмеуі немесе қазіргі әжелердің немере баққысы келмеуі.Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен  іздейміз?

Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата-ананың бір-бірімен болған қарым-қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды  ұлық тұтқан. Ол – үйдің отағасы, балалардың әкесі. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны «ана» деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады.

 

Осы мақсатта өткен сайыс:  5- кезеңнен қамтылды.

1 ”Менің отбасым -менің байлығым” — отбасын таныстыру.

2 “Отбасы құндылығы- ұлт болашағы” сұрақ-жауап

3.»Жүрек жылуы» (ата-аналарға арналған тренинг).

4..»Ұяда не көрсе- ұшқанда соны іледі»- ой толғау.Яғни баланың ата-анасының ойын тыңдау.

5 “Әнім сен едің…”-Өз өнерлерін көрсету.

Сайыста бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы екендігін баланың тұлға болып қалыптасуын мектеп, отбасы, жүрген ортасы қалыптастыратынын жеткізу, түсіндіру мақсат етілді.

Сайысқа отбасында 6- сынып оқушысы бар толық отбасылар Шаға ауылдық округінен Асанхановтар отбасы, Шорнақ ауылдық округінен Нарбаевтар отбасы, Үшқайық ауылдық округінен Қазыбековтер отбасы қатысып, бақ сынады.

Іс-шараға Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Дүйсенбекова, Сауран аудандық Аналар кеңесі төрайымы Н.Жұманова, Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаев қатысып, қазылық етті.

Асанхановтар отбасында 7 ұл-қыз тәрбиеленіп жатқан үлкен шаңырақтың мүшелері толық қатысып, ата-аналарына, бауырларына деген өздерінің сүйіспеншілігін,қамқорлығын отбасындағы ынтымақ,бірліктерін көрсете білді.

Ал Нарбаевтар отбасы салауатты өмір салтымен қатар артындағы ұрпақтарына қазақи салт- дәстүрді жалғастырып жүрген спорт шебері аталары Оразбайдың жетістіктерін мақтан ете келе, ұлдарына ат жалын тартып мінер азамат болуын тілеп қамшы сыйлады.

Қазыбековтер отбасының отағасы өзінің жанды дауыста орындаған әнімен ерекшеленіп елдің ықыласына бөленді.

Отбасы құндылығын әрбір кезеңде көрсете білген жас отбасы:

Нарбаевтар 1- орын,

Асанхановтар 2- орын,

Қазыбековтер 3 — орынды иеленіп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.

Қоғамда, мектепте немесе жоғары оқу орындарында болсын ата-ана тәрбиесінің орны ерекше.

Әкесінің қамқорлығын, анасының мейірімін толық сезінген бала ғана айналасына тек жақсылық жасайтынын осы іс- шарада сезілді.

Бір-біріне деген жүрек жылуын жеткізу міндеті тамшыдай болса да орындалды деп ойлаймыз.