АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ АШЫҚ КІТАПХАНА

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапхана. Оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін , оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби шаралар, кітап көрмесі, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылады. Халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары болып табылады:

— Кітапхана жұмысын ұйымдастыру, оқу және тәрбие процесін кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызметінің барлық әдістері мен түрлерімен қамту;

— Кітапқа деген құштарлықты арттыру, оқу мәдениетін, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу,

— Оқырманмен жеке және көпшілік жұмыс түрлерін ұйымдастыру;

— Оқырманды көркем әдебиетті жүйелі оқуға тарту, оның мақсаты оқу пәндерін табысты оқу, ой мен сөз мәдениетін, рухани және әдептілікті, танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту;

— Кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жүзеге асыру.

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

 

 

 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімдігінің ғимаратында ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев пен мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыруы және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Налшиева арнайы қатысып, сөреге қойылған бірқатар кітаптармен танысты.

-Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен барлық аудандағы әкімдіктерде жылжымалы кітапхана іске қосылып жатыр. Жастайымыздан ата-анамыздың ықпалымен кітап оқыдық. Қазір шынын айту керек мемлекеттік қызметшілердің кітап оқуға уақыттары тапшы. Әкімдік ғимаратындағы кітапхана оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Туған өлкенің тарихын тануда бұл жобаның берері мол,-деді Серік Өмірханұлы!

Жылжымалы кітап пунктінде 500-ге жуық кітап қоры бар. Абай Құнанбаевтың шығармаларынан бастау алған кітаптар тізбегі жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларымен толыққан. Ауданның тарихы қатпарланған кітаптарды да сөреден көруге болады.

«Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасының мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Оқырмандардың сұраныстарын толықтыру үшін арнайы жауапты кітапханашы қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады.

 

 

Ел болашағының атар таңы – бүгінгі жастарды кітап оқуға ынталандыру керек. Ата-бабаларымыздың кітап және кітапханаларға көп мән бергені тарихтағы іздерінен көрініп тұр. Білім берудің және оқытудың кітап арқылы жүзеге асатынының шындық екені ойланып қаралатын болса, әр мектепке кітап қоры көп бір-бір кітапханадан керек екені аңғарылады. Педагогтарды дайындайтын оқу орындарына кітапханашылық сабағы енгізілу керек, сонда оқытушылар да оқушыларға кітап оқу құштарлығымен дағдысын қалыптастыра алады.