ІС ШАРА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН»
20.10.2023 жылы Кентау қаласы Қарнақ ауылы мен Сауран ауданы Жүйнек ауыл
округіне шекаралас орналасқан «Қазыбек би», «Úrker» мектептерінің директорлары Ж.Досманов пен Д.Абдалиевтің ұйымдастырумен жәнеде Қарнақ ауылдық «Өзбек этномәдени» бірлестінің төрағасы Б.Хабибовтің қолдауымен «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында іс-шара өтті.
Шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Абдікарімов, Қарнақ ауыл әкімі, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл ақсақалдары, көше билері, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестік мүшелері және ауыл жастары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Екі ауыл арасында достық ынтымақтастықты нығайту. Еліміздегі этнос жастары арасында ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық ойындар: бесікке салу, тұсау кесер, бауырсақ пісіру, мал сою, тоғыз құмалақ, садақ ату, қол күрес, асық ату, ұлттық мәдениетті насихаттау. Сонымен қатар, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.