МЕН ЕРІКТІМІН!
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бабайқорған ауылдық округінде «Мен еріктімін» тақырыбы аясында ерікті жастармен қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында ,тазалық жұмыстары жүргізілді.
Еріктілер ардагердің үйін түрлі қоқыс қалдықтарынан тазалап, уй шаруашылығына қажетсіз заттарды өртеу жұмыстарымен айналысты.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа , осындай қазыналы қарияларымыздың өмір жолдары өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Құрметті Қазақстандықтар!
Еңсесі биік егемендігіміз бен тұғырлы Тәуелсіздігіміздің арқасында бүкіл әлемге әйгілі болып отырған қазағымның Ұлттық мерекесі — Республика күнімен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыз қанымен де,жанымен де қорғап, бізге аманат еткен кең байтақ жерімізді сүю, оны сақтау — әрқайсысымыздың міндетіміз бен парызымыз екендігін жадымыздан шығармауымыз керек.
Өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы алдымызға қойып отырған биік мақсаттарымызға жету үшін жаңарған Қазақстанда ойы ұшқыр,білімді,білікті,көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды патриот және бәсекеге қабілетті азаматтарымыз көбейсін!
Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып, Әнұранымыз шарықтап, Елтаңбамыз жарқырап,Көк туымыз көгілдір аспанда мәңгі желбіреп жанымызға қуат бере берсін!
# Қазақстан Республикасы жасасын!
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы