«Еңбек адамы» «Тәні саудың — жаны сау» ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы Науқанбаев Сәкен Ержанұлының ұйымдастыруымен
«Тәні саудың — жаны сау» атты Оранғай ауылдық округі тұрғындары арасында футболдан «Оранғай ауылының ауыспалы кубогі» жарысы өтті.
Жарысқа жалпы 10 команда қатысты. Тартысқа толы жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын – «2001» командасы
2 орын – «1983» командасы
3 орын – «2009-2010» командасы иеленді.
Номинациялар бойынша :
Үзік шабуылдаушы — Ибадуллаев Юсуп
Үздік қорғаушы — Кәрібек Бекарыс
Үздік қақпашы — Құлмырза Арман.
Үздік қақпашы номинациясын жеңіп алған Құлмырза Арман « Жарыс өте қарқынды өтті. Біз ауыл балалары болсақ та, барынша жоғарғы деңгейде ойнауға тырыстық. Мен командада қақпашы болып ойнаймын. Менің мақсатым қақпадан барынша доп өткізбеуге тырысу. Қақпашы командадағы маңызды ойыншылардың бірі болғандықтан аса біліктілікпен ойнау керекпін» — дейді.
Жарыс жеңімпаздары мен номинация иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!