МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ
Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастар практикасы” мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы Есмахан Гүлмира Бақытжанқызы. Қазіргі таңда Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі Сауран жалпы білім біру мекемесінде физика пәні мұғалімі «Жастар практикасы»бойынша жұмыс жасап , тәжірибе жинақтауда.
Гүлмира ханым өз жұмысымен мақтанатынын және білікті мамандардан тәжірибе жинақтап жатқанын атап өтті. Жастарға мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар кейіпкеріміз «жастар практикасы» бағдарламасы аясында басында практика бойынша бақ сынауға барып, одан кейін мектепте жұмысқа орналасқанын айтады. Оның айтуынша, «мамандығымды 2 жыл армандап жүріп түстім. Мамандығым үшін көп еңбек еттім. Қазір еңбегім ақталып жатыр. Мен мамандығымды мақтан етемін» — дейді физика пәнінің мұғалімі.