АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ САУДАЛАНУДА
Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылды.
Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге Сауран ауданы 40 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін апарған. Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы көп. Бүгінге дейін шаруалар 20 тоннаға жуық өнімдерін сатқан.
Арнайы жәрмеңке үшін Сауран ауданының саудагері Гүлнүр Алипбаева жәрмеңкеге қатысты. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданының тумасы, 5 жылдан аса уақыт саудамен айналысып келеді. Оның айтуынша « Өзім еккен өнімді, ел тамашалап, халық алып жатқан көріністі көру үшін арнайы Алматыға келдім» — деді
Айта кетсек, бүгінгі күнге ауданда нақты 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2057 гектарға артығымен орындалды. Ал ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 8 айдың қорытындысымен 3 млрд. 973 млн. теңгеге орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр.