ӘЛЕУМЕТТІК «ЖАҚЫНЫҢА ЖЫЛУ СЫЙЛА»

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жібек жолы ауылдық округінде жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерді сіңіру мақсатында «Жақыныңа жылу сыйла» атты қайрымдылық акциясы өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Акция Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі жалғыз басты анаға ерікті жастардың қатысуымен қолғабыс жасалды.

Қайрымдылық акция мақсаты- жастардың бойына қамқорлық жанашырлық сынды адами қасиеттерді сіңіру.

Қайрымдылық барысында ауылымыздың ерікті жастары көптеген жұмыстарды атқарды.

«Жақыныңа жылу сыйла» атты қайрымдылық акциялары жастарымыздың бойына қамқорлық, жанашырлық сынды адами қасиеттерді сіңіріп дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.