САУРАН АУДАНЫНДА 7 890 ОҚУШЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Биыл жаңа оқу жылынан бастап Президент тапсырмасы негізінде 1-4 сынып оқушыларына дерлік бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Сауран ауданы бойынша 7890 бастауыш сынып оқушылары, әлеуметтік осал отбасынан шыққан 5-11 сыныптардан 828 оқушы қамтылып отыр.
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.
Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
Білім бөліміне қарасты барлық мектеп асханаларында сыныптардың тамақтану уақытының кестесі құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Тағам рационы Ұлттық тамақтану орталығы ұсынған «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымына сәйкес жасалады.
Мәзірді әзірлеуде балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.