ТАЗАЛЫҚ — ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!
Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары барысында көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігі тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек сенбілікке 284 адам, оның ішінде 97 мемлекеттік қызметкер қатысты. Екі техниканың көмегімен 2,3 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстарына тұрғындар мен жастар да белсенділік танытты. Ауданның тазалығы әрбір ауыл тұрғындарының жауапкершілігіне байланысты. Сауран ауданының жергілікті тұрғыны Мавлуда ханымның айтуынша, « Сенбілік жұмыстар жасау, ауылымыз үшін өте керек дүние екенін аңғардық. Негізі ойлаймын аптасына болмаса да, айына 1 – 2 рет тазалқ жұмыстарын жасап отырсақ ауылымыз тазарып, көркейеді деп сенемін» — дейді.
Тазалық — табалдырықтан басталады» — деген ұлағатты сөзін жадымыздан шығармайық. Туған жерді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу де мәдениеттілік.Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.