«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ЖЕТІСТІКТІҢ КІЛТІ – ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК ПЕН ҚАЙСАР МІНЕЗДЕ».
Бір салада табан аудармай 40 жыл еңбек еткен білікті маман елімізде аз емес. Солардың бірі Сауран ауданы Шаға амбулаториясының директоры Жұмакелді Бижігітұлы. Еңбек адамы мерекесінің қарсаңында ақ халатты абзал жан Еңбек ері атанды.
Сауран ауданы Шаға дәрігерлік амбулаториясы 1970 жылы салынып, пайдалануға берілген. Шаға ауыл округіндегі 9000 халыққа қызмет көрсетеді, Жұмакелді Бижігітұлы осы мекемеде 1990 жылдан бері дәрігер болып қызмет атқарады. 1995 жылдан бастап осы мекеме басшысы міндетін қосып атқаруда.
Өзі осы ауылда 1964 жылы қарапайым отбасыда туылған, әкесі ауылға беделді кісі болған, үздік шопан, аудандық кеңестің депутаты болған. Кейіпкеріміз мектепті осы ауылда 1981 жылы бітіріп 2 жыл қатарынан жоғарғы оқуға орнына түсе алмай әкесіне көмекші шопан болған. 1983 жылы жолы болып Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп 1989 жылы педиатрия ( балалар дәрігері) мамандығын алып шыққан. Оқудан кейінгі алғашқы интернатураны Түркістан қалалық балалар ауруханасында балалар дәрігері болып бастайды. 1990 жылы Түркістан аудандық ауруханасы жанынан балалар жұқпалы аурулары реанимациясы жаңадан ашылып, сол жерге реаниматолог болып жұмысқа кіреді. 1993 жылдың наурызына дейін жұмыс атқарып, бір уақытта Шаға Дәрігерлік амбулаториясында балалар дәрігері болып жұмыс істеген.
«1993 жылы наурызда әскер қатарына запастағы офицерлерді шақыру басталды,мен Отар әскери қалашығында әскери міндетімді әскери бөлімнің медициналық бөлімінің бастығы болып 2 жыл істедім.1995 жылы наурызда әскери борышымды абыроймен атқарып өз ауылыма келіп Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы Шаға дәрігерлік амбулаториясына бас дәрігер болып тағайындалдым содан бері жұмыс істегеніме 33 жыл болыпты» дейді еңбекқор дәрігер.
«Медицина саласы дегенімен, әр бөлімнің қызметі бір-біріне ұқсамайды. Мұны осы салада жұмыс істегендер анық біледі. Мен де түрлі бөлімдерде ұзақ жыл қызмет атқара келе осыны ұқтым . Жалпы қай науқастың болса да қауіпсіздігі, дертінен айығып шығуы біздің басты міндетіміз ғой» дейді дәрігер басты міндеттерімен бөлісе отырып.
Денсаулық саласында біраз жетістіктері де бар, 2002 жылы Түркістан қаласының жыл үздігі маманы атанған. «2006 жылы Шаға ауылында жаңадан өз есебімізден асармен Медпункт салып бердік, қызметкерлерімізбен бірлесіп 3 айда бітірдік» дейді.
Сала майталманы болып үлгерген бас дәрігер «Ауылымыздағы халықтың денсаулығы негізі қан айналым жүйесімен көп адам есептете тұрады, соңғы кезде қатерлі ісік аурулары саны артып жатыр,адамдардың өз денсаулығына көп көңіл бөлмейтіндігі байқалады,алдын алу жұмыстары да жасалып жатыр десек болады,көшелерге аймаққа бөлінген медициналық қызметкерлер өз аймақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде» аймақтағы халық денсаулығы жайындп сөз етті.
Мекемеде арнайы профилактикалық бөлімде осы аурудың алдын алу бойынша көмек береді. Дәрігер Жұмакелдінің қарамағында 6 дәрігер жұмыс істейді ,барлығы жастар алды 15 жылдай жұмыс өтілі бар, кейінгілері 2-3 жылдай болған.
«Жастар институтты бітіріп келгенсоң оны қайтадан тәрбиелеп қалыпқа келтіру қиынның қиыны,себебі біздің кездегідей сабақ,емтихан ауызша өтпейді оларда,барлығы тестпен бітіреді.Науқаспен қарым қатынас жасауға қиналады, негізгі дәрігердің емі оның науқаспен алғашқы контакт яғни тіл табысып сөйлесу ғой,ал қазіргі дәрігерлер науқаспен сөйлесе алмайды,ол грантпен бітірген шығар бірақ оның оқып жүргенде практикаға көңіл бөлмегені көрініп тұрады» — деген жас мамандардың кемшіл тұстарында айта өтті.
«Осы 33 жыл практикамда көп жағдайларды басымнан өткіздім,көптеген жеңістерім болды,қиналған кездерім де болды,мен негізі ауруды емдеу науқаспен қарым қатынас жағынан қиналмадым,менің көбінесе осы медицинадағы келеңсіз жағдайлармен бетпе бет келуіме тура келді,өз міндетіне жауапсыз қарайтын басшылармен көп сөзге келіп қаламын,асыра сілтеушілікке қарсы шығамын,,жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты жек көремін,қандай басшы болса да бетіне айтамын деп кейде көп жау арттырып қалатыным бар,көбіне сол науқастарым үшін арасына түсіп содан қатты кетіп қалатыным бар»
Қазір медицинада барлық жағай жасалған МРТ, КТ аппараттары жеткілікті, ауруханалардың саны көп, 10 мың халыққа 6 дәрігерден келеді. Саланың қарқынды дамуына қарамастан Жұмакелді Бижігітұлы бір қатар проблемалардың да бар екенін айтады.
«Барлық жағдай жасалынғанымен дәрігер мен науқас арасында қарым қатынас ойдағыдай емес, науқасқа қажеті дәргерден жылулық күтеді ,оны қазіргі жас дәрігер бере алмайды. Медицинада көптеген проблемалар бар соның ішінде ең маңыздысы дұрыс кадр саясаты,ол бізде артта қалған, жауапкершілігі жоқ адамдар басшы болып жүр,ол басшы болу үшін кейбір тепшектерден өту керек сияқты»
Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Бұл қоғамның оларға деген сенім мен құрметін арттырып, мәртебесін биіктетеді. Осынау медицина саласының жауынгерімен сөйлесу барысында оларға елдің алғысынан асқан марапат жоқтығын түсіндік. Басы ауырып, балтыры сыздаған адамнан бастап, түрлі деңгейдегі науқастарды емдеу, ана мен баланы аман қауыштыру, олардың айналасындағы жандардың қуанышын көру расында ең үлкен бақыт!