«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА ҚАРСЫ ШЫҒА АЛМАДЫМ…»

Нағыз еңбек адамы атанған Абдаллиева Зебинса Малипжанқызы 1973 жылы Түркістан облысы Сауран ауданы Жүйнек ауылында дүниеге келді.
Сол ауылдағы мектепті бітіріп, Ташкент қаласында «Философия» мамандығы бойынша білім алды. Ол кісінің өнерге қызығуына себепкер болған әкесі мен анасы.
Университетті тәмәмдаған соң, Бірлік ауылындағы мектепте ұстаз болып және 2007 жылдан кейін «А.Игүнеки» атындағы мектепте кітапханашы болып қызмет атқарған. 2011 «Жүйнек» ауылдық мәдениет үйіне жұмысқа кірді. Кейіпкеріміздің айтуынша, бойындағы өнерге, мәдениетке деген қызығушылығы ата-анасынан дарыған.
Анасы мәдениет саласында 40 жыл еңбек етіп, «Өзбек» халықтық фольклорлық ән-би ансамбльін құрды.
1972 жылы құрылған фольклорлық ансамбль 1985 жылы «Халықтық» атағын алғанын және Республика бойынша жалғыз Халықтық екенін баса айтты. Қазіргі таңда анасы құрған ансабльдің жетекшісі. Кейіпкер өз еңбек жолында мұғалім, кітапханашы жұмыстарын атқарса да жүрек қалауына қарсы шыға алмаған. 2011 жылы мәдениет өнер саласына бет бұрған. Қазіргі таңда аталған ансамбль республикалық, облыстық іс-шараларға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ облыста өткізілетін мәдени іс-шаралардың, салтанатты мерекелік жиындардың, концерттік бағдарламалардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысуда, халықты ұлттық өнер нәрімен сусындатып, дәстүрлі өнерді насихаттауда өз үлестерін қосып келеді.
Есімі бір аймақтың өнерпаз жастарына үлгі боларлықтай абыз ұстаздар, батагөй даналар халқымызда аз болмаған. Қоңыр даусымен, жүрекке жылы үнімен көрермен ықыласына бөленген өнер иесі,шәкірт тәрбиелейді. Тек аттарын атай бастағанның өзінде жүлдегер шәкірттерінің есімінен көз сүрінеді. Ұстаз балаларды балапандай мәпелеп, бірінен соң бірін өнер көгіне қанат қақтырып келеді. Зебинса Малипжанқызы бойында дарыны мен таланты бар жастарды көлеңкеде қалдырмауға тырысатын тұлға. Бұлақ көрсе көзін ашуға ұмтылатын ол талай шәкіртке қанат бітірді. Өнерліні жазбай танитын ұстаз бірталай әншіні бишілерді биік белестерге қондырды. Зебниса ханым шәкірттері өздерінің ұстаздарын ерекше мақтан тұтады. «Қандай жетістікке жетсек те апайымыздың арқасы» деп біледі.
Зебниса ханым «өнерді таңдаған балаға ата анасы шектеу қоймай, тиісінше қолдау білдіріп бетпін қақпаса екен» дейді. Өйткені кейәпкеріміздің ата анасы өзінің өнерге келуіне ұлкен ықпал еткен. Өнер мен мәдениет адам руханиятының азығы. Бұл салада еңбек ететін жандар халыққа мәдени тірек, рухани азық екенін естен шығармай құрметтей білуіміз қажет.