«ЕҢБЕК АДАМЫ». ЕЛДІҢ БЕРГЕН МАРАПАТЫ: «ЖАРЫҚ СЫЙЛАУШЫ ЖАСАРАТ»

Қазір электр энергиясыз күнді елестету мүмкін емес. Себебі үйде де, жұмыста да барлық қызмет электр қуатының күшімен іске асады. Ал оның қаншалықты қауіпті екендігіне қарамастан, күн сайын жеке басы мен денсаулығын қатерге тігетін Мәмбетов Жасараттың еңбегіне Сауран ауданы тұрғындары дән риза. Кейіпкеріміздің «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС де жарықтандыру саласында электрик болып жұмыс жасап келе жатқанына төрт жыл болған. Небәрі төрт жыл электро монтер қызметін атқарып келе жатса да жас маман Жасарат өз ісінің шеберіне айналған. Аз уақыт ішінде мамандығына деген адалдығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында елдің ыстық ықыласына бөленіп, аудан тұрғындарының алғысына бөленген.
Энергетика саласында аз да болса еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміздің осындай кәсіптік шеберлікке жетуі оның өз ісіне деген сүйіспеншілігінен болса керек, ол: «Егер екінші мәрте мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, ойланбастан қайтадан осы мамандықты таңдар едім» дейді
— Себебі адал қызмет жарық тұтынушылар алдындағы жауапкершілік міндетімді арттырса, сол еңбектің тәтті жемісі көңілімді марқайтады, биік мақсаттарға жетелейді. Әрқашан еңбегім еленіп, шынайы ықыласым бағаланып жатады. Сондықтан мен өз жұмысымды алдымен сүйіспеншілікпен және жауапкершілікпен атқаруға тырысамын, — дейді кейіпкеріміз. Электр — электр заряды бар, электрондар деп аталатын атомдардың кішкентай бөлшектерінің қозғалысы немесе ағыны. Электрондар  атомның орталық ядросының айналасына қозғалады.  Бірақ электрон жеткілікті мөлшерде энергия алса, ол өзінің атомынан бөлініп,   басқасына секіріп кетуі мүмкін. Электрондардың бұл қозғалысы энергия болып табылады. Миллиартдаған электрондар бір бағытта  атомнан атомға секіреді және электр ағыны — токты құрайды.
Электр тогы егер оның көзінен және кері қарай өткізгіштің тұйық тізбегі бар болатын болса, пайда болады. Бұл арада тізбек екі сымнан және шамнан тұрады.  Сымдар бойынша ток шамға және кері қозғалады. Бірінің үстіне қойылған керамикалық дисклерді жоғары вольтты   желілердің өте қуатты энергиясын жерге кетуден тоқтату үшін оқшаулағыш ретінде пайдаланады. Алайда егер токтың күші үлкен, 0,5 миллион вольт немесе одан жоғары, ал ауа өте ылғалды болса, электр ұшқын түрінде жерге кетуі мүмкін.
Жұмыс күндері таңғы тоғыздан басталып кешкі алтыға дейін созылады, бірақ кейде төтенше жағдайларға байлансты күн түн немесе демалысқа қарамай жұмысқа шығып кететін кездері де болады екен. Аудан үлкейуіне байланысты электр станциясы да ұлкейіп қызметкерлер толықпақ, ал кейіпкеріміз алдағы уақытта аға электрик болғысы келеді. Қай қоғамда өмір сүрсе де, электрик мамандығын алған адам ешқашан жұмыссыз қалмайды. Электрик кеше де керек болды, бүгін де керек, ертең де керек болады. Қателесуге болмайтын жауапкершілігі мол, жарық сыйлаушы бұл маман иелеріне» өмірлері жарық болсын деп тілек білдіреміз