«Еңбек адамы» әлеуметтік сала маманы


Еңбек адамы Ақжан Бауыржанқызы 1992 жылы 14 – желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек нарығының мониторинг және болжау бөлімінің маманы, жалпы жұмыспен қамтуда еңбек өтілімі 3 жылға жақындап қалған.
Әлеуметтік жұмыс — жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.
Мектепті Шорнақ елді мекенінде Тұрсынхан Айтжанов мектебінде аяқтаған кейіпкеріміз Алматы қаласына Қазақ ұлттық Абай атындағы педагогикалық университетіне оқуға түскен. 2011 – 2015 жылдар аралығында университет қабырғасында биология пәнінің мұғалімі болып аяқтады.
Оқу мен отбасылық өмірді қатар алып жүрген маман иесі қазір көп балалы аяулы ана. Кейіпкеріміз әлеуметтік салаға келуіне себеп болған қызығушылығы және халықпен жұмыс жасау. Ең бірінші Ақжан ханым Шорнақ ауылдық әкімшілігінде оператор болып жұмыс атқарған.
Ұстазы Абутов Исмахамбеттің еңбек жолында «Басыңды тік көтеріп, ешкімнен еш нәрсе алма.Сол кезде адамға сөзіңді өткізіп тұрып сөйлейсің» деп кеңесін айтқан екен. Бастығының осы сөзі кейіпкерге өмір бойы азық болып келе жатыр екен. Өзінің әкімшілікте атқарып жүрген жұмысында қысқарту болғанына байланысты жұмыстан босатылған көрінеді. Жұмысссыздыққа тіркелу үшін, жұмыспен қамту орталығына барған екен. Оның айтуынша «Ибраев Нұртөлеген – жұмыспен қамту орталығының директоры, менімен сұхбат жасады. Сұхбат соңында құттықтаймын жұмысқа орналастыңыз деп айтқанда, мен сенген жоқпын» деді.
Еске сала кетейік, «жұмыспен қамту орталығы» 2023 жылдың 1 шілдеден бастап «мансап орталығы» болып өзгертілді. Сол уақыттан бастап мониторинг және болжау бөлімінің маманы болып жұмыс істеп келе жатыр.
Жұмысқа 2021 жылы 17 қыркүйекте кірген. Ассистент болып қызмет атқарып жүргенде, әр маманға белгілі бір ауылдарды бөліп береді. Сол ауылдардағы тұрғындардың атаулы әлеуметтік жағдайларын дамытуға көмек беру бойынша жұмыс жасайды. Анықтап айтқанда, әр бір отбасыны анықтап, әлеуметтік жағдайларын тексеріп, барлық жағдайды анықтағаннан кейін отбасыға көмек беру үшін мүмкін болған барлық жағдайларды жасайды.
Кейіпкер бала күнінде шахмет ойнаумен араласқан екен. Тіпті университет қабырғасында да шахмат ойнап, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Шахмат — деген өмір» деп түсіндірді Ақжан ханым. Шахматта жеңіс пен жеңіліс бар, оның қолданылатын ережелері де бар. Сол сияқты өмірде де жеңіс пен жеңіліс бар, жеңілмеу үшін ереже арқылы өмір сүру керек деп қорытындылады мониторинг маманы.