«Еңбек адамы» ақ халатты абзал жан


Култибаев Самат Дуйсенбаевич Сауран аудандық емханасында 4- ші санатты жедел жәрдем бөлімінде аға фельдшер болып жұмыс атқарады. Бөлім құрамында он төрт фельдшер халыққа қызмет көрсетеді.Аға фельдшердің айтуынша «барлық шақырту онлайн келеді, шақырту келген соң, фельдшерлерге жүктеледі. Жұмыстың ерекшелігі – алғашқы көмек көрсету барысында аймақтың дәрігердің де фельдшер маманының да қызметі бердей болады. Алғашқы көмекті көрсету барысында науқасқа диогноз қойып, ауруханаға жату қажеттілігі туындаған жағдайда, ауруханаға жедел жеткізеді. Жалпы Сауран ауданы бойынша 3 бригада жұмыс атқарады. Олардың бірі Иқан ауылының тұрғындары үшін атқарады.
Жаһандық кеселдің бетін қайтаруда фельдершерлердің еңбегі зор. Себебі адамзаттың өмірі қыл үстінде тұрған шақта алғашқы көмекті көрсететін осы мамандық иелері.Фельдшер маманы осы саланы меңгеру үшін арнайы оқудан өтіп, білім алуы қажет. Тпті жүргізушініңде «қауіпсіз оқу» сабағынан өтуі қажет.
«Жедел жәрдем көлігі жол – көлік оқиғасына түсіп қалғанда дереу шешімін табуға тырысамыз. Біздің жүргізушілерге жол бермей, соғып кеткен жағдайлар да кездесті. Мәселен, ауыр халдегі науқасты ауруханаға жеткізерде, жеңіл көліктің жүргізушілері жол бергісі келмейді. Содан жол көлік оқиғасына тап болып, кейде жедел жәрдем қызыл белгіден өтіп кеткеніміз үшін айыппұл салады. Сиренаны қанша жақсақ та, оны бейнебақылау камерасы дұрыс тіркемейтін кездері болды» − дейді Самат Дуйсенбаевич.
Кейіпкердің еңбек жолы 2009 – жылы аймақтық мейірбике қызметінде жұмыс жасаған. Сол салада он жыл қызмет атқарып, 2019 жылы фельдшер мамандығына ауысқан. 2019 – 2020 жылдар аралығында фельдшер қызметін атқарған. Қазір аға фельдшер маманы. Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, орта буынды медицина қызметкерлерінің еңбегі бағаланбай жатады. Қазақстанда 103 нөміріне бір тәулікте мыңдаған қоңырау түседі. Бір күннің өзінде қаншама шақырту алынады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде.
«Жедел жәрдем» бригадасының құрамында жұмыс істей отырып, науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі, жедел және шұғыл жәрдем көрсетеді, дәрігердің көмекшісі болып табылады және оның бақылауымен емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыс істейді, стационарлық, амбулаториялық көмек пен үйде, ауылдық жерлердегі медициналық пункттерде жәрдем көрсетуді дербес жүзеге асырады.
Жақынымыз аяқ астынан ауырғанда ғана жанымыз шырқырап, әр секунд, минутты санап, жедел жәрдемді күтумен тағаты таусылмаған адам кемде-кем шығар. Екі оттың ортасында жүріп, науқастың өмірін фельдшерлерге аманаттаймыз. Осы уақытта диагнозды дұрыс қоя білетін, аман-есен үйіне оралатын адамның тағдыры – фельдшердің жауапкершілігі мен біліміне тәуелді.