«Еңбек адамы» Дәрігерлер денсаулық кепілі
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Дәрігер біздің денсаулығымыздың бірден бір кепілі. Дәл осы адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бағалай білген кісіге медицина қызметкерлері тұғыры таймас биік шың. Жалпы медицина қызметкері болу адамғ аденсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау сөз іспетті. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол. Атқаратын жұмыстары да ауқымды. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз да осы мамандықта 15 жылдан бері қызмет атқарып, халқына адал қызмет етіп келеді.
Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-шаралар көрсетуден бөлек, аурухананың өзге де күйкі тірлігіне қарамастан кейіпкеріміз әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. Өзінің сүйікті мамандығына нағыз берілген жан адам денсаулығының сақшысы қызметін абыроймен атқарып жүр. Еңбек адамы дәрігер Айдарбекова Ажардың өмір жолына келсек, оның дәрігерлік жолды таңдауы да кездейсоқтық емес екендігіне көз жеткізесіз. Ол 1982 жылы 30 тамыз күні дүниеге келді. Кейіпкеріміз 2008 жылы жалпы медицина мамандығын аяқтағаннан кейін, «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Шорнақ ауылының емханасына жұмысқа орналасқан.
Бір күндік жұмыс уақытындадәрігер Ажар 20 — 25 науқасты қабылдап, ем шарасын жасайтын көрінеді.
«Жалпы тәжірбиелі дәрігер» атағы бар кейіпкеріміз барлық науқастарды қабылдай береді. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тексеріп, көмек қолын созамыз дейді дәрігер. Тіпті дәрігерлер халық қамы үшін аймақтық аралауға да шығады екен. Ауысым бойынша аймақты аралып, халыққа көмек беруге дайын болады.
Айта кететін жағдай, кейіпкеріміз отбасында дәрігер маман иесі болмағандықтан, арнайы дәрігер боламын деп осы мамандықты таңдаған. Әкесі, анасы, тіпті әпкелері де мұғалім мамандығы бойынша қызмет атқарады екен. Негізгі мақсаты ата-анасы ауырған кезде, ұдайы дәрігерлердің көмегіне жүгінбес үшін арнайы таңдаған маман иесі.
«Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді. Дегенмен кейде дәрігерлер қызметіне наразы жандар кездесіп жатады. Сол себепті осы мамандықты таңдау алдында әбден ойлану керек» деп жастарға кеңесін айтты.
Жалпы тәжірбиелі дәрігер ретінде басқалардан қарағанда жауапкершілігіміз жоғары дейді кейіпкеріміз. Күнделікті адам қабылдау мен науқастардың үйін аралап, жағдайларын білу жұмыстарына көмектесетін мейірбикелер де Ажар ханыммен бірге тәжірбие алмасып, жауапкершілікті бірге көтеріп жүр. Әрдайым дәрігерлер айтқан кеңесті орындап, денсаулығымызға қарап жүрейік.