«Еңбек адамы» Мен бағындырмаған шыңды шәкірттерім бағындырады.
Екі жыл бұрын ғана ашылған бұл мектептебіздің кейіпкеріміз еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс жасайды. Қаншама жастарды тәрбиелеп, еркін күреске баулып жүрген Мамметов Хислат. Кейіпкеріміздің жаттықтырушы болып жүргеніне 15 жылдан аса уақыт болған. Осы уақыт арасынданда қаншама жастарды тәрбиелеп ауыл атынан чемпиондарды танытып отыр екен. Кейіпкеріміз бүгін бұл салаға қалай келгенін, еңбек жолын және мақсаттарын толық білетін боламыз.
Бапкер Хислат Мамметов Иқан ауылының тумасы. 1981 жылы дүниеге келген. Қазіргі Аль – фараби мектебінде білім алған. Кейіпкер бала кезінен күреске қызығып, 4 жасынан бері күрекпен айналысады. Оның айтуынша Иқан ауылында еркін күрес бұрыннан дамып жатқан спорт түрі болған. Бапкер 2007 жылдан бері Иқан ауылынының балаларын еркін күреске баулып, тәрбиелеп келеді. Оның айтуынша «Кез келген спортшыныңң арманы болады. Ол биік шыңға шығу, яғни олимпиадаларға қатысып, жүлделеі орындарға ие болу. Әрине мен ол деңгейге жете алмадым. Бірақ шәкірттерім жетсе екен деп, еңбек етіп келемін» — дейді.
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
Қатал бапкердің отбасында 3 қызы мен 1 ұлы бар. Жалғыз ұлын еркін күреске баулыған екен. Болашақта баласын спорт саласында қызмет етпесе де, менің арамнымда орындап жетістікке жетсе екен дейді бапкер. Кейіпкердің қатысқан ең үлкен олимпиадасы 1997 жылы өткен. Кентау қаласында 1 – орынды иеленген екен.
Осы күнге дейін Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасынан не Олимпия ойындарының жеңімпазы, не әлем чемпионы шықпағаны жайында біз жоғарыда айттық. Бұл осы саланы басқаратын азаматтар мен күрес федерациясының басшыларынан бастап, майталман мамандар мен қатардағы қарапайым бапкерлерге дейін ой салуға тиіс. Байыптап қарасаңыздар, елімізде осы спорт түрінің дамуына барынша жағдай жасалып, мемлекет мол көлемде қаржы бөліп, ұлттық компаниялар демеушілік көмегін көрсетіп жатыр. Республикамыздың әр ауданы тұрмақ, ауылды жерлердің өзінде күрес үйірмелері бар. Соған қарамастан нәтиже мәз емес. Жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы жарыстарда жасындай жарқыраған балғын балуандардың ересектер дуына қосылғанда құмға сіңген судай жоқ болып кететіні қынжылтады.
«Дені сау ұрпақ ел байлығы» демекші ауылымыздың жастарына еңбек спорт мектебін салып берген Юлдашев Мамырхан ағамызғ алғысым шексіз. Өзімнің шәкірттеріміз айтатын ақылым биікке жету үшін еңбек ету керек, жоғары шыңға талпыну керек» — дейді бапкер.