ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН

«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атауымен Кентау қаласы Қарнақ ауылы мен Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауыл округі бірлесіп шара өткізді. Шараны «Қазыбек би», «Úrker» мектептерінің директорлары Ж.Досманов пен Д.Абдалиевтің ұйымдастырумен жәнеде Қарнақ ауылдық «Өзбек этномәдени» бірлестінің төрағасы Б.Хабибовтің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Абдікарімов, Қарнақ ауыл әкімі, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл ақсақалдары, көше билері, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестік мүшелері және ауыл жастары қатысты.
Қарнақ пен Шекербұлақ ауылының ынтымағы мығым. Бауырлас ауыл. Бірлік пен ынтымақты насихаттау мақсатында бұған дейін де бірнеше шаралар ұйымдастырған. Бұл жолы да сол үрдістен жаңылмады. Шарада еліміздегі этнос жастары арасында ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдары жасалынып, ұлттық ойындары ойнатылды. Баланы бесікке салып, тұсауын кесіп дәстүр насихатталды. Бауырсақ пісіру, мал сою, тоғыз құмалақ, садақ ату, қол күрес, асық ату, сынды ұлттық мәдениет көрініс тапты.
Ынтымақты елге ешкім жетпес, Ынтымағы кетсе өкініші кетпес деген тәмсіл сөзді сөз ауыл тұрғындары мықтап ұстанған. Айта кетейік бұл шара ұлттық мереке Республика күніне орай ұйымдастырылды.