САРЫАҒАШТА КӨПБАЛАЛЫ ЖАС КӘСІПКЕР ТЕРМОПАНЕЛЬ ӨНДІРІСІН ЖОЛҒА ҚОЙҒАН

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттен қолдау тауып, кәсіп бастаған Ақжар ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы жас кәсіпкер Р.Боранбаевтың жұмысымен танысты,  деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Жас кәсіпкер Р.Боранбаев мемлекеттік грант қаражатына қажетті құрал жабдықтар алып, термопанель өндіру кәсібін бастаған. Бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер 9 үйдің сыртын жасап, өз кәсібін дөңгелетуде.
Жас кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі ауданда жеке кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы екендігін айтып, жас кәсіпкердің бастаған ісіне сәттілік, атқарып жатқан еңбегіне береке тіледі.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты жұмсалып, кәсіпкерлер қатарының артуы-бірінші кезекте елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеп, әлеуметтің әлеуетін арттыруда тиімді тәсіл болмақ.
Сонымен қатар, аудан басшысы Ж.Жұмабаевтың көшелерге төсейтін қырлы тас өндіру кәсібімен танысты. Кәсіпкер аудан басшысына жұмыс барысын баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Аудан басшысы кәсіпкерге қандай да бір көмек қажет болса аудан кәсіпкерлерін қашанда қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Айта кетсек, 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру арқылы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға құжаттар тапсыруға болады.