ӘДЕБИЕТТІ СҮЙЕТІН ЖАСТАР ЖАРЫСТЫ

Таяуда Шардара аудандық мәдениет сарайында жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің құнды шығармаларын халыққа, жастарға дәріптеп, өскелең жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Оралхан оқулары» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.
Байқауға қала, ауыл округтерінен 20-ға жуық талапкер қатысып, өзара бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Ұзын ата ауылынан Тәңірхан Ұлдана Нұрымбетқызы иеленді. I орынға Қ.Тұрысбеков ауылынан Оңғарбек Тұрғанай Қажымұханқызы ие болды. II орынды Шардара қаласынан Айдосова Мадина иеленсе, үш бірдей III орынға Ұзын ата ауылынан Есет Әселхан Дулатқызы, Егізқұм ауылынан Аманқылыш Молжігіт Қыдырбекұлы, Көксу ауылынан Құттымұрат Гүлнар Мұхтарқызы лайықты деп танылды. Өзге де өнер көрсетушілер түрлі номинацияларға ие болды.
Қатысушыларға арнайы диплом, бағалы сыйлықтар тапсырылды.