ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР-ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ!

Түлкібас ауданының мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті. Басқосуды Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов алғы сөзбен ашып, қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екенін тілге тиек етіп, бүгінде ауданымызда жастарға сапалы білім беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Форумға мәслихат төрағасы Хамит Байысбаев бастаған халық қалаулылары, Спорт саласының үздігі, еркін күрестен халықаралық деңгейдегі спорт шебері 2010 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қатысушысы Ермек Байдуашев, ардагерлер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар және мектеп оқушылары қатысты.
Кезекті сөзді алған аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серикбаев өз кезегінде аудан аумағында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, жиынға арнайы қонақ ретінде шақыртылған Түлкібас Ауданының Мәслихатының төрағасы Хамит Байысбаев, ауданның құрметті азаматы, полиция ардагері Сауран Таңатбаев, еркін күрестен халықаралық деңгейдегі спорт шебері Ермек Байдуашев мінбеге шығып, тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірсе, «Қазақстан барысы-2023», дзюдо күресінен әлемдік жазғы универсияда чемпионы Ғалымжан Қырықбай Қытай еліндегі жазғы Азия ойындарында болуына байланысты тікелей эфирден аудан жастарына видео үндеуін жолдап, жастарды парасатты азамат болуға шақырды. Арнайы форумға қатысқан қадірлі қонақтарға полиция бастығы құрмет көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрімізге сай иықтарына шапан жапты.
«Жат қылықтарға бой бермеу» мақсатында аудандық мәдениет үйінінің өнерпаздары ұсынған қойылым, жиынның маңыздылығын аша түсті. Әншілер ән айтып, бишілер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге керемет әсер сыйлады.