КЕНТАУДА «ЖАСТАР ТЕНДЕРДЕ» АТТЫ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

Кентау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастар тендерде” атты семинар тренинг өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Семинар-тренингтің басты мақсаты — бос жумыс орындарын азайту, жастарды кәсіпкерлікке үйрету, ынталандыру.
Іс-шараға мекеме басшысы
Сұлтан Бақытұлы, спикер ретінде мемлекеттік басқару магистрі, өзіндік даму коуч-тренері Айнұр Идрисова, бизнес тренер, коуч мотиватор Ержан Кангелдиев, жеке кәсіпкер Сәбит Макишев және жеке кәсіпкер, тендер мастер Ардақжан Тілепбай қатысушыларға әлеуметтік желімен қалай жұмыс жүргізуді, тендерде көп пайда табуға болатынын, өздерінің жеке мастер классын өткізіп, бизнеске қалай жол бастаудағы ақыл кеңестерімен бөлісіп, келген қатысушылармен пікір алмасты.
Семинар тренингке қала, ауыл мектеп мұғалімдері, түрлі мекеме қызметкерлері, студенттер, пробация және құқықбұзушылық есебінде тұратын тұлғалар арасынан 300-ге жуық адам қатысып, соңында арнайы сертификаттармен марапатталды.