ГРАНТ ҚАРАЖАТЫМЕН КӘСІП БАСТАҒАН
Отырар ауданында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен жыл басынан бері жоба аясында 35 азамат кәсіптік бағытта 400 АЕК көлемінде грант қаражатын алып, өз кәсібін бастаған.
Ұлттық жобаның игілігін көрген жанның бірі Шәуілдір ауылының тұрғыны Айдар Бақберген Шералыұлы. Ол 2023 жылы мемлекеттен қайтарымсыз 1 380 000 теңге грантын жеңіп алып, кір сабын шығаратын шағын кәсіп бастаған.
Қазіргі таңда Бақбергеннің шағын цехы бір күнде орта есеппен 1500 дана сабын шығарады. «Бақберген» жеке кәсіпкерлігінің иесі алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, аудан халқын тұрмыстық кір сабынмен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Кәсіпкер болашақта 3 адамды жұмыспен қамтып, сабын өндірісін одан әрі жандандыруды көздеп отыр.