Сауран ауданында «Сауран -жібек жолының жаухары» атты пресс-тур өтті
Ауданның тарихи орындарын насихаттау және туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған баспасөз турына облыстағы бір қатар БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз қызметкерлері,турды ескі Иқандағы «Жүсіп ата» кесенесінен бастады. Кесене тарихымен танысып Иқаннан шыққан ғұламалардың тарихнан сыр шертетін жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар сол ауылдағы Авицена медициналық орталығының жұмысымен танысты. Емхана соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен толыққан. Келесі кезекте Оранғай аулының тұрғыны Е.Досжановтың шаруа қожалығымен танысты. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекеттен несие алып мал асырап отыр. Журналистер сапарын көне Сауран қалашығында жалғастырды. Тарихшылардың айтуынша өз заманында бұл қалашықтың «шайқалмалы қос мұнарасы болған, және жеті қатар қабырғамен қоршалған» дейді. Қазір мұнда қалпына келтіру, туристерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бір күнге созылған Баспасөз туры ауданның символына айналған көне шахармен тәмәмдалды.