ТҮРКІСТАН: АРЫСТА “ЕҢБЕК КҮНІНЕ” ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Арыс қаласында «Еңбек күні» мерекесіне орай жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шараға қала көлеміндегі барлық жұмыс беруші мекеменің басшылары мен кадр мамандары, жастар орталығының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, қала көлеміндегі 34 мекемеден 78 бос жұмыс орны бойынша сұраныстар келген. Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар берілді.
Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бойынша түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант пен жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген несие және аз қамтылған отбасыларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі