«Фейк ақпарат» термині жиі айтылып жүр
Соңғы жылдарда «Фейк ақпарат» термині жиі айтылып жүр. Қоршаған ортаға, денсаулыққа, саясатқа, біреудің жеке өміріне қатысты болсын «фейк ақпараттар» тарап жатады. Оның тарау ауқымы да әртүрлі.
Интернетте оқып қалған әрбір жаңалыққа имандай сене кететініміз бар. Әсіресе, әлеуметтік желіде тараған кез келген ақпарат оқырманды өзіне тез тартатын қабілетке ие.
Жалған ақпарат – оқырмандардың ойын әдейі бұрмалау немесе алдау үшін жасалған жаңалықтар, оқиғалар. Әдетте бұл әңгімелер адамдардың көзқарастарына әсер ету, саяси ойын өзгерту немесе шатастыру үшін жасалады. Жалған ақпарат тарату кейбіреулер үшін табысты бизнес болуы мүмкін.
Жалған ақпарат таратушылар сенімді дерек көздерінің атын пайдаланып, жымысқы әркететрін жүзеге асыруға әрекет жасайды. Медиасауатттылық бойынша сарапшы Мартина Чепменнің айтуынша, жалған жаңалықтардың үш элементі бар: Сенімсіздік, өтірік және манипуляция».
Жалған ақпараттың өршуі:
Жалған жаңалықтың таралуы бізге таңсық емес. Бұған дейін де жалған ақпараттың тарау үрдісі болған. Бұрын біз дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарыннан барынша анықталған, тексерілген ақпараттарды оқитынбыз. Ақпаратты сенімді дереккөздері мен тәжірибелі журналистер тарататын. Олардың барлығы қатаң тәртіпке бағынатын. Жалған ақпарат таратпауы өз алдына, тіптен ондай қателік жіберуге болмайтын. Ал мультимедиялық журналистика жаңа мүмкіндіктерге жол ашып берді.
Интернет ақпарат пен жаңалықтарды жариялаудың, бөлісудің және тұтынудың жаңа әдісін ұсынып отыр. Қазір адамдардың көпшілігі жаңалықтарды әлеуметтік желілерден оқиды. Ақпараттың шамадан тыс жүктелуі және адамдардың Интернеттің қалай жұмыс істейтінін түсінбеуі де жалған жаңалықтар немесе жалған ақпараттардың көбеюіне ықпал етті. Әлеуметтік желі сайттары мұндай жағдайлардың қолжетімділігін арттыруда үлкен рөл атқара алады. Әлеуметтік медиа экономикасы өсек, дүрбелең, дау-жанжалды қолдайды.
Жалған ақпараттың түрлері:
Жалған ақпарат түрлерін анықтауға келгенде әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен, желідегі мазмұнды бағалауға келгенде, біз жалған немесе жаңылыстыратын жаңалықтардың әртүрлі түрлерін білуіміз керек. Оларға мыналар жатады:
1. Кликбейт
Бұл веб-сайттарға көбірек келушілерді тарту және сайттардың жарнамалық кірісін арттыру үшін әдейі жасалған ақпараттар. Clickbait оқиғалары көпшіліктің назарын аудару және жариялаушының сайтына оқырмандарды тарту үшін сенсациялық тақырыптарды пайдаланады.
2. Насихат
Аудиторияны әдейі адастыруға, алдын ала ойластырылған көзқарасты қалыптастыруға немесе нақты саяси мақсаттарды немесе бағдарламаларды насихаттауға арналған ақпараттар.
3. Сатира/пародия
Көптеген сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар көңіл көтеру және пародия үшін жалған жаңалықтарды жариялайды.
4. Жалаң журналистика
Кейде тілшілер немесе журналистер жалған ақпаратпен немесе барлық фактілерді тексермей жатып, материалды жариялауы мүмкін. Ол өз кезегінде аудиторияны адастыруға алып келеді.
5. Жаңылыстыратын тақырып
Толығымен жалған емес әңгімелер жаңылыстыратын немесе сенсациялық тақырыптар арқылы бұрмалануы мүмкін. Жаңалықтардың бұл түрлері толық мақаланың тақырыптары мен шағын үзінділері ғана көрсетілетін әлеуметтік желі сайттарында жылдам таралуы мүмкін. Кейде оқырман тақырыбына елең етеді. Ал мақаланың мазмұны тақырыптан мүлдем бөлек болып шығып жатады.
Мақаланы толығымен тексеріңіз, көптеген жалған жаңалықтар назарын аудару үшін сенсациялық немесе таң қалдыратын тақырыптарды пайдаланады.
6. Біржақты жаңалықтар
Көптеген адамдар өздерінің нанымдарын немесе қиялдарын қолдайтын жаңалықтарға немесе оқиғаларға қызығады. Ал жалған жаңалық таратушылар осы біржақтылықты пайдалана алады. Әлеуметтік медиа арналары біздің жеке іздеулеріміздің негізінде бізге ұнайды деп ойлайтын жаңалықтар мен мақалаларды көрсетеді.
7. Манипуляцияланған ақпарат
Нақты ақпарат немесе жалған фотосуреттер мен бейнекадрлар адамды нандырып, алдау үшін қолданылады. Бұл адамдарды адастыру немесе бір адам туралы жалған әңгіме құрастыру үшін қолданылуы мүмкін.
Жалған ақпараттың бизнес моделі
Интернет және әлеуметтік медиа кез келген адамға веб-сайтқа, блогқа немесе әлеуметтік медиа профиліне мазмұнды жариялауды жеңілдетіп, үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік жасады.Қазір көптеген адамдар қажетті жаңалықтарды әлеуметтік желі сайттарынан алатындықтан, көптеген контент жасаушылар/баспагерлер мұны өз пайдасына пайдалана бастады.
Жалған ақпаратпен не істей аламыз? Google және Facebook жалған жаңалықтармен күресудің жаңа шараларын хабарлау және тегтеу құралдарын енгізу арқылы қабылдады. BBC және Channel 4 сияқты медиа ұйымдар да факт-тексеру веб-сайттарын жасады. Сандық медиа сауаттылық және маңызды ақпараттық дағдыларды дамыту барлық Интернет пайдаланушылары, әсіресе жастар үшін маңызды дағдылар болып табылады.
Интернетте қолжетімді ақпараттың көптігі және жалған жаңалықтардың көбеюі сыни тұрғыдан ойлау қажеттілігін көрсетеді. Балалар кішкентай кезінен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуы керек. Бұл жастардың білімнің үшінші деңгейіне қадам басып, еңбекке дайындалу барысында қалыптасуы керек негізгі дағды.
Көрнекілер арқылы алдау
Deepfakes — бұл цифрлық бағдарламалық жасақтаманы, машиналық оқытуды және бетті ауыстыруды қолдану арқылы жасалған жалған бейнелер.
Deepfakes — бұл ешқашан болмаған оқиғаларды, мәлімдемелерді немесе әрекеттерді бейнелейтін жаңа кадрларды жасау үшін кескіндер біріктірілген жасанды компьютерлік бейнелер. Нәтижелер өте сенімді болуы мүмкін. Терең фейктердің жалған ақпараттың басқа түрлерінен айырмашылығы, оларды жалған деп анықтау өте қиын.
Интернеттегі жалған ақпараттың арбауына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Интернеттегі мазмұнды бағалау кезінде назар аудару керек бірқатар нәрселер бар.
Жалған ақпараты бар әңгімелер қате күндерді немесе өзгертілген уақыт шеңберлерін көрсетеді. Сол себепті мақаланың қашан жарияланғанын тексеріп алған жөн. Жалпы, күмәнді ақпаратты көзіңіз шалса, бір тесеріп алудан жалықпаңыз.