«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев жүргізді.
Сондай-ақ отырысқа «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау департаменітің инспекторы Венера Есілбаева, комиссия мүшелері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының м.у.а Өмір Қалыбаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023 — 2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстары тыңдалды.
Кеңес мүшелері баяндамашыға өзекті сауалдар қойып, сын-пікірлер білдірді. Және айтылған ұсыныс-тілектерді қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта шешімін табуға ықпал жасауын сұрады.
— Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тұрғындар тарапынан партия филиалына, партиялық бақылау комиссиясына көптеген шағымдар түседі. Алдағы уақытта осы осы мәселелерді шешуде бірлесіп жұмыс істейміз деген сенімдемін. Партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген барлық көрсетшкіштердің мерзімінде және толық орындалуын бақылауға ұстауыңызды сұраймын,-деді Ғ.Ташқараев.