«АҚТАС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Ақтас» бастауыш партия ұйымның жиналысы өтті. Жиынды партияның Абай аудандық филиалының төрағасы Нұрғазы Бұхарбай төрағалық етіп, жүргізді. Сонымен қатар басқосуға «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев және партия белсенділері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес «Ақтас» БПҰ-ның 2021-2022 жж. бастап осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстары бойынша төраға орынбасары Ұ.Тасыбекованың есебі тыңдалды. Екінші мәселе бойынша Бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Сарыбасов және төраға орынбасары Ұ.Тасыбекова болып қайта сайланды. Сондай-ақ «Ақтас» БПҰ-нан Абай аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.

Сарыбасов Асылбек Асанұлы төрағалық ететін «Ақтас» бастауыш партия ұйымының құрамында 11 – топ, 533 партия мүшесі бар.

«Ақтас» бастауыш партия ұйымы тарапынан партияның сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан 1 мектеппен, жаңадан салынып жатқан қараусыз ит мысықтарға арналған панажай алаңына партиялық бақылау бекеттері ашылды. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында іс шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.