Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербулингтің таралуы;
Жастардың психикалық денсаулығы мен суицидтің алдын алу;
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау.

Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы және жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, партия белсенділері, жастар қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қанатұлы Карбаев, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Мамытов Сапарғали Елеусұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы, Шымкент қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру орталығының әдіскері Утегенова Гулзинеп Алтынбековна баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, сарапшылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтар қойылды.