САУРАНДЫҚ СПОРТШЫ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінің жас спортшысы Төребек Молдаш спорт саласында көптеген жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Бүгінде Төребек Молдаш белбеу күресінен спорт шебері атанған.

Жуырда еліміздің бас қаласы Астанада өткен Әлем біріншілігінде топ жарған Төребек Молдаш Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанған. Әлем чемпионатына жолдама алып, сол жолдамамен Әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанып отыр.

Ел мерейін асыру үлкен мәртебе. Ендеше, жерлесіміз Төребек Молдашқа алдағы дүбірлі жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне бер демекпіз. Төребек Молдаш жеңісің құтты болсын!