Базарқақпа шағын ауданы аумағындағы бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары іске асырылып жатыр

Базарқақпа шағын ауданы аумағындағы бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары іске асырылып жатыр.
Соның бірі — Қараөткел көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тарапынан төселген асфальт қабатының нығыздығы мен сапасы тексерілді. Арнайы құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхананы қолданып, ұлттық сапа орталығы мамандары құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге барып, қолданыстағы материалдардың сынамасының талапқа сай болуын бақылады.

Жалпы, орталықтың міндеті — автомобиль жолдарына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы, Базарқақпа шағын ауданы аумағындағы биыл 6,6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Олар: Атауы жоқ No1,2,3,4,5, Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызылата, Сазқұндыз көшелері.

Биыл жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.