Шымкентте жыл басынан бері 1079 жол белгісі орнатылды

220 жол белгілері мен таңбалары жаңаланды. Қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда.
Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК жол белгілері мен таңбаларының жарық қайтару қабілетін тексерді. Нәтижесінде, сараптамадан өткен 352 жол белгілері 100 пайыз талапқа сай болып шықты.
Бұл жөнінде «Ұлттық сапа орталығы» тапсырыс беруші Шымкент қалалық «Жолаушылар көлігі және актомобиль жолдары» басқармасына, Шымкент қаласының Полиция департаментіне ресми хат жолдады.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі