ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

 

🔷 Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қазір қалада тиісті кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бүгін Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

🔷 Жыл басынан мегаполисте 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары қалада жұмыспен қамту шаралары күшейтіліп отыр. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасын құрады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі