КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері және Өңірлік даму жөніндегі кеңестердің бірлескен мәжілісі өтті. Кеңестердің бірлескен мәжілісін Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, облыстық Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Райымбеков Ғани Ақылбекұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мырзахметов Нұржігіт Назарбекұлы, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Әнуарбекұлы, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі және кеңес мүшелері мен партия қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1. Түркістан облысының экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін көбейту туралы;
2. Түркістан облысында минералды тыңайтқыштардың көлемін арттыру туралы;
3. Түркістан облысындағы 100 елді мекенді газдандыру туралы;
4. Түркістан қаласында темір жол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу туралы.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облысының
2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындалуы жөніндегі жол картасындағы көрсеткіштерге тоқталды. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 22,5% — ға, ал 2027 жылға дейін 25,5% — ға жеткізу көзделгенін атап өтті. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,4%-ды құраған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша 126 жоба 9,7 млрд. теңгеге қолдау алған болса, ішінара кепілдендіру құралы бойынша 54 кәсіпкерлік субъектісі 1,2 млрд. теңгеге кепілдендірілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысында ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну құралы бойынша 148 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар ұсыну жоспарланған. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Түркістан облысына 19,8 млрд. теңге бөлінгенін, аталған жоба шеңберінде халықты 2,5 % жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында 6 бағыт таңдалған.Атап айтқанда;
— — өсімдік шаруашылығын дамыту;
— — мал шаруашылығын дамыту;
— — құс шаруашылығын дамыту;
— — балық шаруашылығын дамыту;
— — ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
— — тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты.
— Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты (тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты) бойынша 50 шағын өндірістік жобалар іріктеліп, 2,5% — дық жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 2023 жылдың 5 ай қорытындысымен
6,9 млрд. теңгеге 822 жоба, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы
3 079 млрд. теңгеге 584 жоба (2023 жылға 13 бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарланған) қаржыландырды,
Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қатысушылар баяндамашыларға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Қордаланған мәселелерге байланысты алдағы уақытта кеңес құрамы бекітіліп аудандарды аралап жұмыс барысымен танысатын болады.