«Өзгеге өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясы
Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Өзгеге өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясын ұйымдастырды.
Медицинада қан тапсырған адамның қан жасушалары жаңарып, ағзасы тазаратыны дәлелденген. Ең бастысы, қан тапсыру арқылы мұқтаж жандардың өмірін сақтауға болады.
Осы ретте, Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының құрамы аумақтық органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Шымкент қаласының қан орталығында қан тапсырды.
Дәрігерлер мемлекеттік қызметшілердің қан тобын анықтап, қан қысымын өлшеді. Денсаулықтары жарайтындарды арнайы қан тапсыру бөлмесіне жіберді.
Донорлық-көп өмірді құтқара алатын асыл, ерікті іс.
Барлық донор болған азаматтарға адам өмірін, адамгершілік пен жомарттықты сақтауға, адамдарға өмір үмітін сыйлауға дайын болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Айта кетсек, консультативтік-кеңесші органның мақсаты- азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру болып табылады.