Жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімі қысқартылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жүргізілетін жұмыстарды барынша жылдамдату мақсатында жаңа техникалық шешімдерді қарастырғанын хабарлайды.

Осыған дейін 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізілетін жұмыстардың салдарынан бұл қызметті көрсету уақытша тоқтатылатыны туралы хабарланған болатын. Енді бұл мерзім өзгертілді.

«Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 мамыр аралығында ғана тоқтатылады. 5-мамыр жұмыс күніне, ал қалған күндер мереке күнідеріне келіп түседі. Осылайша, «Жылжымайтын мүлік тізілімі» дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізіледі», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді. Одан бөлек, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Барлық басқа мемлекеттік қызметтер қол жетімді болады.