ШЫМКЕНТТЕ 2023 ЖЫЛЫ 50 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 74 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар.

Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальттау жоспарланған. 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.