ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 240 ОРЫНҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Бүгінде Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Ал 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 21 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.