2023 ЖЫЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 27 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Бүгінде Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 234,3 шақырымы асфальт, 28,2 шақырымы тас жол және 4,5 шақырымы топырақ жол.
Ағымдағы жылы 27 көшеге асфальт төселді.
Атап айтқанда:
• «Сәуле» ш/а 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
• «Сәуле» ш/а. Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;
• «Сәуле» ш/а 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;
• Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;
• Ескі қала ш/а, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері.

Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше , 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді.