КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде көркем гимнастикадан республикалық деңгейдегі Түркістан облысының ашық чемпионаты өтті. Биылғы ашық чемпионатқа Алматы Астана, Шымкент, Тараз, Ақтау қалалары мен Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстарынан жасөспірімдер қатысты. Жоғары деңгейде өткен бұл ашық чемпионатқа 5 жас пен 16 жас аралығындағы 500-ден астам спортшы, өнер көрсетті.

Тартыс өткен гимнасшылар бәсекесінде Түркістан облысының командасы 10 алтын медаль, 5 күміс және 5 қола алқа иеленіп, көпшілікті қуантты. Гимнастикадан өткен Түркістан облысының ашық чемпионатын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары дәрежеде өткізді. Түркістан облысының көркем гимнастика федерациясы да жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне үлесін қосты.