Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды
Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Парламентшілер палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдады.
Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Мәжілістің пленарлы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, халық қалаулылары төменгі палатаның спикерін сайлады.
Мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.
Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
дереккөз: Tengrinews.kz.