ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ 7-8 БАЛЛҒА ШЫДАЙТЫН 458 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНҒАН
Шымкент қаласында 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллға шыдайтын 458 тұрғын үй салынған.
Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Шымкент қаласында 1991-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллды құрайтын шамаммен 1900 тұрғын үй салынған. Ал, 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллды құрайттын шамамен 458 тұрғын үй салынған.
Ал, Шымкент қаласында соңғы жылдары салынған тұрғын үйлердегі 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған. Мердігер компаниялар кепілдік мерзіміне сәйкес, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.