ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «АЛТЫН ТҮЛЕК» ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Сайысқа Қазақстан бойынша 3000 оқушы қатысса, оның 234-і Түркістан облысы атынан бақтарын сынады.

Білім олимпиадасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірге ұйымдастырылды. 10-11сынып оқушылары қатысты. Жалпы олимпиада нәтижесінде Түркістан облысының 8 оқушысы – бірінші орынға, 20 оқушысы – екінші орынға, 27 оқушысы – үшінші орынға ие болды. 14 білімді жас арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Жеңімпаз атанған Камилханов Абдусамат «Stambul Aydin University» оқу орнының грантын иеленсе, Оралбек Дәурен және Оралбек Дарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алды.