БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бұл туралы қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Шағдат Әсетұлы брифинг барысында мәлімдеді.
2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 447 азаматқа өтеусіз негізде грант беру жоспарлануда.
Ол үшін үміткерлер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
– өңіраралық қоныс аударушылар
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Айта кетйік, азаматтар, комиссия отырысында өз идеясы мен бизнес жоспарын қорғап шыққан соң, ғана грантқа қол жеткізеді.