ТҮРКІСТАН: ШАХМАТТАН ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Кентау қаласындағы Жастар орталығында шахматтың классикалық сайысынан Түркістан облысының ерлер мен әйелдер арасы чемпионаты өтті. Ақыл-ойды дамытатын спорт түріне облыстың барлық аймақтарынан іріктелген 60-қа жуық шахматшы қатысып, шеберліктерін танытты. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жастар арасында шахмат спортының дамуына ерекше көңіл аударуда.
Облыс чемпионатында жүлде алған спортшылар мамыр айында Ақтөбе қаласында өтетін кезекті Қазақстан чемпионатына жолдама алып, республикалық сайыста бақтарын сынайды. Шахматтан Түркістан облысының аға бапккері Асхат Майкотовтың айтуынша, болашағынан мол үміт күттіретін түркістандықтар қатарында Әсия Асылхан, Әселай Сейдулла, Абылай Тастабек, Еркебұлан Ерболатұлы, Медет Қанжарбайлар бар.