ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында көше жолдарында пайда болған ойық-шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әр ауданға бөлінген бригада бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистралды және ішкі орам көшелеріндегі пайда болған шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда, орталық көшелер Қонаев даңғылы, Бәйдібек би даңғылы және Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысыныдағы ойық-шұңқырлар және аяқжолдар қалпына келтірілуде.